Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері : Дымков өрнектерімен цирк аренасының кейіпкерлерін безендіруге үйрету, ептілігін дамыту, ойлай және ойын іске асыра білуге дағдыландыру және адамгершілікке баулу
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар : ермексаз, пышақ, құрал-саймандар.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.
Жаңа сабақ: ( Оқулықпен жұмыс) Кітаптағы суретті зерттеп қарау, қалып үлгіні пайдаланып, ат пішінін мүсіндеу. Оны нақыштап сәндеу.
Пысықтау: Барлық жасалған бейнелерді жинап қойылым ұйымдастыру
Қорыту: Көркем бұйымдардың қандай түрлерін білесің? Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?
Сабақты қорытындылау: Ермексаздан тағы не жасауға болады?
Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу
Үйге тапсырма беру : Бірнеше пішіндер қиып келу.