Трудовое обучение 2 класс на казахском

№61.Тақырып: Аяққап жасау.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ұлттық сәндік қолданбалы өнер жайлы қайталау., аяққап жасауды үйрету, өздігінен шешім шығара білу, еңбек етуге, ерінбеуге дағдыландыру, адамгершілікке баулу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Қатырма қағаз, жіп, таспа, кілей, қайшы.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыс: аяққап, ыдыс-аяқ, пішін

Сабақ жоспары. Ұйымдастыру Жаңа сабақ А) кіріспе Б) мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.

Пысықтау, оқушы еңбегі.Қорыту

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру : Жаңа сабақ. А) Кіріспе. Аяққап деген не? Естулерің бар ма?

Б) Мұғалімнің түсіндіруі .Бұрын қазақтар көшпелі өмір сүрген . Олар киіз үй үшін заттарын бірге алып жүрген. Ыдыс аяқ сынбасын деп аяқ қапқа салған. Аяққап ықшамды, жеңіл, ыңғайлы.

Пысықтау: Кітаппен жұмыс дұрыс оқу, суретін зерттеу, пішін үлгімен қиып ал , қолға ұстау үшін бауын кез келген таспадан жасау , ою өрнек жапсыру , жиегін күлтелеп сәндеу

Қорыту: Көркем бұйымдардың қандай түрлерін білесің? Аяққап не үшін керек? Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау

Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу.

Үйге тапсырма беру: 126-127 бет

 

Ещё уроки серии

Все 67 уроков
  1. № 57. Тақырыбы: Қазақ ою-өрнек тарихы, ерекшеліктері
  2. № 58. Тақырыбы: Қазақ ою-өрнегі.
  3. №59. Тақырып: Көлемді бұйымдар, қағаздан шыны жасау.
  4. №60. Тақырып:Қатырма қағаздан қобдиша жасау
  5. № 62-63 сабақ. Тақырып. Геометриялық пішін ою
  6. № 64 сабақ. Тақырып. Ермек сазбен жұмыс
  7. № 65 сабақ. Тақырып. Барыстың мүсіні.
  8. № 66. Тақырып. Қайталау. Цирктік қойылымдар.
  9. № 67 сабақ. Тақырып. Өзіңді тексер.
  10. № 68 сабақ. Тақырып. Ғасырлар қойнауынан

Трудовое обучение в 2 классе

Все предметы 2 класса