Трудовое обучение 2 класс на казахском
№60. Тақырып:Қатырма қағаздан қобдиша жасау
Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері :1.Қатырма қағаздар қобдиша жасауды үйрету.
Реклама
2.Дұрыс сызу ,қию,қайшыны ұстау,дұрыс сызуға дағдыландыру.3.Еңбекке баулумен қатар ұқыптылыққа,әдептілікке баулу
Құрал –жабдықтар, көрнекті құралдар: Қатырма қағаз, жіп, қайшы , клей
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыc:
Сабақ жоспары :Ұйымдастыру .Жаңа сабақ 1.а) Кіріспе. б) Мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.2. Пысықтау, оқытушы еңбегі, қорыту
Сабақ барысы : Ұйымдастыру. Жаңа сабақ.а) Кіріспе. Балалар, қалай ойлайсыңдар қобдиша не үшін керек болады? б) Мұғалімнің түсіндіру. Қобдиша ұсақ түйек салу үшін керек. Қобдишаның негізі –қорап.
Пысықтау : Қобдишаның түбін, қабырғаларын түсті қағазбен желімдейміз. Оны сызғышпен, алақанмен тегістейміз. Өстіп, қобдишаның екінші бетін жасаймыз. Біткен соң әшекейлейміз. Оқушы еңбегі және мұғалім көмегі
Қорыту : Қобдишаны желімдеу ретін айт. Қалай әшекейлейміз. Кімге сыйлайсыңдар?
Бауды немесе таспаны қалай жасайсың? Бүгінгі сабақта не істедік? Қалай? Саған ұнады ма? Ұқыптылық деп қалай түсінесің? Сабақты қорытындылау, бағалау.
Бағалау: Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, әшекейлеу.
Үйге тапсырма беру: 124-126 бет оқу
Реклама
Источник: https://informatik.kz/60-ta-yryp-atyrma-a-azdan-obdisha-zhasau/