№ 52. Тақырыбы: Наурыз мерекесі.

0
848
науки информатики

Мақсаты: Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а/ Әр халықтың өз мерекелері бар екендігі жайлы түсінік беру.

Соның ішіндегі қазақ халқының наурыз мейрамы жайлы әңгімелеу. ә/ Қазақтар үшін жыл басы – 22 наурыз. Жерге көк шығып, жыл құстары келіп, мал төлдеп, адамдар көктемгі егіске дайындалып жатқан кезде тойланады. Наурыз мейрамы үлкен салтанатпен өтеді. Наурыз мерекесі күні 7 немесе тоғыз дәмнен тұратын мерекелік тағам- наурыз көже дайындалады.Тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ІҮ.Білімдерін тексеру. Қандай мейрамдарды білесіңдер? Наурыз мейрамы қандай мейрам? Наурыз көже қалай жасалады?

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?

ҮІ.Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны, бағалау