№ 5. Тақырыбы: Орман патшалығы.

0
1739

Мақсаты : Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу

Көрнекілігі: табиғи материалдар

Түрі : Аралас сабақ

Әдісі : Сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

ІІІ . Өткенді қорыту: Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз? Қайшыны қалай ұстаймыз? Жұмыс соңында не істейміз? Ине мен түйреуішті не істейміз?

ІҮ. Мақсат қою: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ. Ағаш бүршіктерінен мүсіндер жасау.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.

Жеке-жеке оқу. Суретке қарап зерттеу, ермексазбен құрамақтардың бөлшектерін біріктіру. «Шыбынжұт» жасауға қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру; ермексаз, қайшы, ПВА желімі.

ҮІ Практикалық жұмыс

1. Күнбағыстан шыбынжұттың қалпағын ою;

2. Қатырма қағазы қолы мен аяғын ою

3. Мұрны мен көзіне лайықты материал таңдау.

4. Бөлшектердің барлығын бүрге желімдеу

5. Құрамақты безендіру.

ҮІІ. Бекіту. .Табиғи материалдардың бөлшектерін жинастыру

ҮІІІ. Үйге тапсырма: О қу, бағалау