Қазақ тілі 2 класс на казахском

№ 36 . Тақырыбы: Мазмұндама

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырту.2. білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.3. адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі : бекіту сабағы

Әдісі : сұрақ-жауап

Көрнекіңігі : суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Мазмұндама «Серке мен түлкі»1. Мәтінді оқып талдау

«Серке мен түлкі»

Серке шөлдеп, су ішкісі келіпті. Су жағалап жүріп, суатқа кезігіпті. Суат тік жарлау екен. Серке төмен түсіп су ішеді. Ашқарақтанып суды өте көп ішеді. Қарны қампиып келеді. Қайтайық деп ойлайды. Қарны тым үлкен болғандықтан өрге шыға алмайды. Маңырап тұрған даусын естіп, қасына түлкі келеді. Түлкі оған ақымақтығын, сақалы ұзын болса да, ақылының қысқа екенін айтады. Қанша шөлдесе де, қайта шығу керектігін ойламағанын бетіне басып, жөніне кетеді.

Жоспар:1. Шөлдеген серке2. Ашқарақ серке3. Түлкінің сөзіМазмұндаманы жазу.2-3 оқушыға оқыту.

Қорытындылау

ІҮ Үйге тапсырма беру кезеңі: Қайталау

 

Ещё уроки серии

Все 131 урок
  1. №34. Тақырыбы: Өтірік өлең
  2. №35. Тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
  3. № 37. Тақырыбы: Қайталау.
  4. №38. Тақырыбы: Бөлімді қайтлау
  5. №39. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
  6. № 40. Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері
  7. №41. Сабақтың тақырыбы: Отан
  8. №42. Тақырыбы : Отан туралы. М.Мақатаев
  9. № 43-44. Тақырыбы Кімнің мекені жақсы? С.Жүнісов.
  10. №45. Тақырыбы Астана.

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса