№ 27. Тақырыбы: Өсімдікке ауа және жылу керек.

0
686
фотошоп

Мақсаты: Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлардың бірі жеткіліксіз болса дұрыс өсе алмайтындығы жайлы түсіндіру.Танымдық қабілеттерін дамыту. Зейінділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өсімдікке топырақ керек, мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Өсімдікке топырақтың қандай пайдасы бар? Топырақтың құнарлығы туралы не білеміз?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі : Өсімдікке ауа және жылу керек.

Ү. Жаңа сабақ. а/ Өсімдіктің өсуіне ауа қажет. Өсімдік тыныс алады. Тыныс алуға өсімдіктің барлық мүшелері де /тамыры, сабағы, жапырағы/қатысады. Өсімдікке қажетті жағдайлар /су,топырақ, ауа, жылу/ Көктемде топырақ жылығанда тұқым отырғызу. Жылу топырақ пен өсімдікке күн көзінен келеді. Табиғатта жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер бар. Әр аймақтың табиғи жағдайына қарай өсімдіктер бейімделеді. Суық аймақтың өсімдігіне жылу жетіспейді. Бірақ, олар өздерінің қалың қабықтары арқылы суыққа шыдайды.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру : Оқулықпен жұмыс: іштей оқу, тізбектей оқу, сұрақтарға жауап алу. Тұқымның өсуіне қандай жағдайлар қажет? Топырақты не үшін қопсытады? Өсімдіктің жақсы өніп дамуына қажетті жағдайларды ата? Өсімдіктің тыныс алуға қатысты мүшелерін ата?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма 1. 70-72 бет оқу 2. бағалау.