№25 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жиһаздарды жөндеу ж/е жасау. Линолеумді жапсыру.

0
764
редактор изображений

Сабақтың мақсаты: а) Сызба (графика) өнері туралы
түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің түрлерімен таныстыру.
ә) График суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.
б) Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: Қарындаш, альбом, өшіргіш, тущь, перо, тақта,
бор, көрнекіліктер, суретшілер туындылары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Өздік жұмыс
а) берілген жаттығуларды орындау, жалпы.
ә) линолеумге линогравюра жасау және оттиск алу.
Әр қатардан бір оқушыдан үш оқушыны тақтаға шығарып, жұмыс істету.
б) Линогравюра. Монотипия әдісімен сурет салу, үш оқушы.
в) Линогравюра. Қағазды қырнау әдісімен сурет салу, үш оқушы.
5. Жұмыстарын қадағалау
6. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау.
7. Үйге тапсырма. Линолеумге берілген жаттығуларды орындап келу.
«Графика» – қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш , қаламуш, көмір, қыл-
қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет,
Графика гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.
Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.

1-жаттығу. Тура қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескішпен ені 0,5 мм – ден аспайтын арықша жүргізіңдер. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 0,5 мм келесі бірнеше сызықтар жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10×10 см көлемде тік төртбұрыштарға тіліңдер.
2-жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасаңдар, тақтаның бетін тегіс толтырыңдар.
3-жаттығу. Циркулмен дөңгелек жүргізіп, оларды да кескішпен тілгізіп арықша жасаңдар.
Графика – бейнелей өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттері. Соның бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі.
Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты соншалық жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдымызға әкелудің өзі қиын. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.
График – суретші Ә.Рахмановтың «Соғыс» шығармасында суретші бір ғана түспен соғысқа аттанғалы тұрған қазақ жауынгерін әр қырынан шебер бере білген. Суретте әскери киімдегі батыл, ержүрек бейнелері нақты көрініс тапқан.
Линогравюраны жасау әдісі мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояу жағылады, одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып, тазге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз.
Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеумның өзінен қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал шихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 0,5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуға болады. Негізгі аспап 50-600 бұрыш шамасында тұмсығы бар бұрыштық қашауы. Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2-3 тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады.
Линолеумге пайдаланатын қашаулардың көпшілігін ескі қолшатырдың шабақшаларынан жасап алуға болады: олардың ені әр түрлі, әрі дайын сайы бар, оны тек қажетті формаға келтіру керек.
Аспап әрдайым өткір болуға тиіс, сондықтан да оны қайрауды жақсылап үйреніп алу керек. Аспаптардың тек ұшын ғана қайрайтынын ұмытпаған жөн. Гравюрлеу кезінде кесілген сызықтар жақсы көрінуі үшін линолеумнің бетіне жұқа қарындашты мақтамен сүрте отырып, аздап қарайтуға болады. Керісінше линолеумді гуашьтың ақ бояуымен грунттап, оның бетін ақ жасауға болады. Онда қалдырылған сызықтар бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді.
Линогравюралар бір түсті және түрлі-түсті: 2, 3 одан да көп болуы мүмкін.
Сонымен, түрлі-түсті гравюраны басу кезінде қанша бояуды қолданатын болсақ, соның түстік ерекшелігіне қарай сонша тақта болуға тиіс. Оттискіні сынап көргеннен кейін, қолданған бояулардың әр түрлі үйлесімін тексеру керек. Мұнда өте жақсы Оттискі алу оңай шаруа емес. Алғашында сәтсіз Оттискілер болуы мүмкін. Гравюрлеуді бастамастан бұрын бірінші дайындық суретті жасап алу керек. Мұны қаламұш пен қылқалам арқылы тущьпен орындаған дұрыс. Суреттің форматы баланың гравюра жасау форматымен сәйкес болуы тиіс. Суретті тақтаға ауыстырғанда тақтадағы бейненің оттискіге қатысы «айнадағы бейнедей» нақты түсуін қадағалауымыз керек.
Гравюрлеу кезінде жіберген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына кел-
тіріледі. Ұсақ штрихтар мен қосымша жерлерді тіс тазалайтын ұнтақты желімге араластыру арқылы бекітеді. Басуды біткеннен кейін, бензинге матырылған шүберекпен бояу қалдығын (тақта мен біліктен) кетіріп, оларды құрғақ, таза шүберекпен сүрткен жөн.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь