№ 20. Тақырыбы: Жаңа жылға дайындық. Шырша дайындау

0
864
литература

Мақсаты: оқушыларды түрлі түсті қағаздардан шырша дайындап, әшекейлеуге үйрету; танымдық қабілетін дамыту; эстетикалық тәрбиесіне баулу

Көрнекілігі: қағаз түрлері.

Әдіс і: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Өткенді пысықтау. Аппликацияның қандай түрлерін білесіңдер?

Заттық және сюжеттік аппликацияның айырмашылығы неде?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын мақсатын қою.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Жаңа жыл мерекесі көңілді мереке. Мереке жайлы балалардың өз ойларын атқызу. Дайындықтарын еске түсіру.

2. Шырша пирамида тәрізді жасалады. Үшбұрыштарды даярлау

3. Желімденбейді таспамен, баумен тартып байланады.

4. Дайын жобаларды қағазбен немесе матамен әшекелейміз.

5. Ілгішін орналастырамыз, ойыншықтарын ілеміз.

Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Шыршаны дайындау үшін қандай материалдарды пайдаландың? Қалай?

ҮІІ. Қорытындылау Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік? Сендерге ұнады ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу,бағалау.