№ 19. Тақырыбы: Қайталау. Тест

0
660
география

Мақсаты: Табиғат бөліміндегі ауа, су, топырақ,тұсбағар жайлы алған білімін тиянақтау, түсініп оқуға дағдыландыру, танымдық қабілеттерін дамыту. Табиғатты ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

әдісі: сұрақ-жауап, түсндіру, іздену

түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Топырықтың маңызы. Қасиетіқажеттілігі.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Өсімдік пен топырақтың байланысын түсіндір.Топырақ пен жануарлар тіршілілігінің байланысы жайлы не білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою: Табиғатты ұға, зертей білуге.

Ү. Жаңа сабақ : Ауа туралы не білесің?Топырақтың құрамы жайлы айт. Топырақты тыңайту дегенді қалай түсінесің? Су туралы не білесің? Сусыз адам өмір сүре алмайды. Суды пайдаланбайтын бірде- бер тіршілік иесі жоқ. Оны үнемдеп , таза ұстау әрбір адамдардың міндеті. Су- /көл, өзен, теңіз, құдық, жаңбыр суы/ /су –қатты,сұйық,жұмсақ/ Су-бу-мұз Шай қайнағанда азайып отырады /бу/ Тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Су қандай зат? Судың түсі қандай? Су қай жерлерде кездеседі? Суды үй шаруасында қалай пайдаланасың? Қайнаған су неге азаяды?

ҮІІ.Бекіту. 1) «Сулы жер , нулы жер. Су – тазалық пен денсаулықтың көзі» дегенді қалай түсінесің? Тұсбағар не үшін керек? 2) Тест. 3) сөзжұмбақ шешу.

ҮІІІ Үйге тапсырма. 1.түсініп оқу. 2. бағалау.