№17 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Темір илек түрлерін егеу. Қаупсіздік ережесі.

0
766
хакер

Сабақтың мақсаты:

А) Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жобалап көрсетуге ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу

Ә) Оқушылардың кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбекке икемділігін дамыту. Тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасау.

Б) Еңбектене білуге , тиянақтылық деңгейін көтеруге баулып, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, дайын бұйымдар, қоржын, асықтар.

Құрал- жабдықтар: балға, егеу, шапқы, бұрғы, керн, тістеуік, іскенже, сызғыш, темір кесетін қайшы, қыспақ.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың әдісі: ойын, тірек сызба, тест, сөзжұмбақ, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

А) Қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру.

Темірдің жиектерін қандай құралдармен өңдейміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Темірді қай белдікпен тесеміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Киім жөнінде қауіпсіздік техника ережесін айтып беру. Қаңылтырды түзеткен кезде қандай құралдарды қолданамыз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.?

Ә) Тест сұрақтарына жауап беру

1. Тоқ өткізбейтін материал:

А) резеңке ә) болат б) мыс г) су

2. Тоқ өткізетін материал:

А) Пластмасса ә) Алюминий б) ағаш

в) Шыны г) Шомот қағазы

3. Қара металл:

А) жез ә) қорғасын б) алюминий

В) шойын г) мырыш

4. Түсті металл:

А) болат ә) көміртегі болат б)мыс в) темір г) шойын

5.Металл бетін өңдеу кезінде белгі соғатын құрал:

А) бұрыштық ә) қадаубас б) тескіш

В) сызғыш г) циркуль

6. Қаңылтырды тегістейтін балға:

А) дөңгелек табанды балға б) Кішкене балға

Ә) Пұт балға в) шаршы табанды балға

Г) ағаш балға

7. Ара қайрайтын егеу:

А) үш қырлы егеу ә) жалпақ егеу

Б) төрт қырлы егеу в) түрлі

Г) Жұмыр егеу

8. Шеге суырғыш қышқыш:

А) Плоскогубцы ә) Құс тұмсық қышқыш б) тістеуік

В) Кемпірауыз г) ат ауыз қысқыш

9. Металл кесетін араның қайрау бұрышы қандай?

А) 30 ә) 60 б) 75 в) 90 г) 65

10. Темір жонатын белдік

А) Фрезерлеу белдігі ә) бұрғылау белдігі

Б) токарь- винтті белдігі в) сүргілеу белдігі

Г) шлиптеу белдігі

11. Металл бөлшектері мен тесіктерін өлшейтін құрал:

А) Кронциркуль ә) микрометр б) шуптер

В) штанциркуль г) Индикатор

12. Токарь винтті белдігіндегі беріліс:

А) ременді беріліс ә) фрикциялы беріліс

Б) шынжырлы беріліс в) тісті беріліс

Г) Шлиптеу белдігі

13. Металды қандай құралмен шабады?

А) қашау ә) шапқы б) балта

14. Ішкі резьбаны немен салады?

А) Метчик ә) плашка

15. Қандай металл шорт сынады?

А) Мыс ә) шойын б) алюминий

– Ал балалар технология сабағында темірді шауды, кесуді, тесуді, қосуды және басқа өңдеу техналогияларын үйренгенбіз. Енді осы үйренгенімізді іске жаратайық. Қазір қыстың суық кезеңі оқушылардың жылы сырт киімі және екінші аяқ киімдері болады.

Біздің оқушылардың саны өсіп келе жатыр, оны өздерің де білесіңдер. Сондықтан біз осындай білімімізбен, өнерімізбен мектеп өміріне өз үлесімізді қосып, әр сыныпқа темір ілмектер жасап берейік. Сондықтан бүгінгі жасайтын бұйымымыз жұқа темірден ілмек жасау.

V.Аяқтау кезеңі.

Оқушыларға жұмыс кезіңіндегі кемшіліктерді және нәтежелерді ескерте отырып, жұмысты аяқтаймыз. Жұмыс орнын жинап, Құрал- жабдықтарды кезекшіге тапсырамыз.

VI.Қортындылау кезеңі.

Кезекші орындаған жұмыстарын жинап әкелген соң нәтижелеріне қарай бағалау.

VII.Үй тапсырмасын тексеру:Металға байланысты шығарған ребустарын тексеру. VIII.Ұйге тапсырма.Ілгектің басқа түрін және басқаша әдістеу,қарастыру

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь