№ 15. Тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

0
882

Мақсаты:Су.Судың қасиеті туралы тақырыпты меңгерту. Түсініп оқуға дағдыландыру.Танымдық қабілеттерін дамыту. Суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

әдісі: сұрақ-жауап, түсндіру, іздену

түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Ауа. Ауаның маңызы. Ауаның қасиеті.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Ауаны қалай сезезің? Ауа қандай? Жану үшін не кереу?

Ауаның маңызы қандай? Ауаның пайдасы не? Ауаны қалай таза ұстаймыз?

ІҮ. Мақсат қою: Су, Судың қасиеті

Ү. Жаңа сабақ :Су туралы түсінік беру.Су- түссіз. Су бар жерде тіршілік бар. Су ішінде, бетінде, жғалауында қаншама өсімдік жануарлар болады. Сусыз адам өмір сүре алмайды. Суды пайдаланбайтын бірде бер тіршілік иесі жоқ. Оны үнемдеп , таза ұстау әрбір адамдардың міндеті. Су- /көл, өзен, теңіз, құдық, жаңбыр суы/ /су –қатты,сұйық,жұмсақ/ Су-бу-мұз Шай қайнағанда азайып отырады /бу/ Тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Су қандай зат? Судың түсі қандай? Су қай жерлерде кездеседі? Суды үй шаруасында қалай пайдаланасың? Қайнаған су неге азаяды?

ҮІІ.Бекіту. Сулы жер , нулы жер. -Су – тазалық пен денсаулықтың көзі.

ҮІІІ Үйге тапсырма. 1.түсініп оқу. 2. бағалау.