№14. Тақырыбы: Симметрия – табиғат сыйы

0
1301
литература

Мақсаты :. Табиғаттағы симметриялық заттарды бақылауға, көре білуге үйрету, ретімен таныстыру; Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; байқампаздыққа баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қорыту. Суреттерге талдау, өмірмен байланыстыру Адамдар қағаз пайда болғанға дейін не нәрсеге жазды? Бұлар қандай заттар еді?

ІІІ . Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу

Суреттермен жұмыс

Кітаптағы сурет бойынша зерттеу.

Қағазды қақ ортасынан беттестіріп, екі жартысын бір-біріне дәлме-дәл келетіндей етіп бүктесек, онда екі бөлігі бір-біріне дәл келеді. Симметриялы заттардың бүгілу сызығын симметрия осі дейді.Бұл симметрия деген сөз.

Ү Практикалық жұмыс

1. Суретпен жұмыс

Суретке қарап қорытынды жасау, қайсысы симметриялы, қайсысы асимметриялы екенін дәлелдеу

2. Асимметриялы пішінді аппликация құрастыру

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

Өздігінен оқушы еңбегі, мұғалімнің көмегі

ҮІІ. Бекіту: Күнделікті аппликация жапсырып үйрену, оны салыстыру.. Сұрақтарға жауап алу.

ҮІІІ Үйге тапсырма: Оқу. Бағалау