№124. Тақырыбы: Алатау. Жамбыл

0
592
метод печати

Мақсаты: «Алатау» өлеңін оқи отырып, табиғат сұлулығы, оның құдіреттілігі жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқуға баулу, сөздік қорларын дамыту. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : табиғат жайлы суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: «Табиғат тіршілік бесігі» тарауы жайлы түсінік беру.

ІІІ. Жаңа сабақ: а/ Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңін оқып, мазмұнын ашу. ә/ Сөздік жұмысын жүргізу: Ну-қалың. Мұнар-бұлыңғыр. Кептес-тілдесу, сөйлесу. б/ Өлеңді оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: в/ Сұрақтарға жауап алу. Алатау қайда орналасқан? Таулардан не ағады? Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өседі?

Жемістердің дәмділігі туралы не дейді? Тау басында не жатады?

г/ тапсырмаларды орындау. Арнайы берілген сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.

Ү. Бекіту: Бүгін не өттік? Бұл өлеңді кім жазған? Өлең не жайында айтылған?

ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь