Жалпы білім беретін мектептердің 1 – 8 сыныптарына арналған Жолда жүру ережелерінің оқу

0
33
программирование

Қостанай облысының ІІД Жол полициясының басқармасы


Жалпы білім беретін мектептердің

1 – 8 сыныптарына арналған

Жолда жүру ережелерінің оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ


Бағдарламаны жасаған

Қостанай облысының ІІД Жол полициясы басқармасы ААІҚ бөлімше бастығы полиция подполковнигі С.Ф. Логина

2007 ж./г.

Қостанай қ.

24 тамыз 2007 жылғы

№ 404

Қазақстан Республикасының

оқу және білім Министрлігі

бұйрығына

Қосымша 1

Жалпы білім беретін мектептердің

1 – 8 сыныптарына арналған

Жолда жүру ережелерінің оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ

Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі рет қана жүргізілсін.

Жол қозғалысы ережелерін игеруіне 1-4 сыныптарына жылына әр сыныпқа 18 сағат беріледі, ал 5-8 сыныптарына жылына әр сыныпқа 14 сағаттан беріледі.

Осымен ЖҚЕ бойынша оқу бағдарламсы 1-4 сыныптарында келесі пәндері санағы бойынша өтеді (хат, әуен, қоршаған ортамен танысу, тілді дамыту, сыныптан тыс оқу, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу) және ай сайын күнтізбе жоспарына енгізу. 5-8 сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында сынып сағаттар және факультативтер есебімен өтеді.

Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, еңбек сабағы мұғалімдерімен іске асырылады.

Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды.

2.

ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады.

Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.

Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.

Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім (сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік құралдары жүргізушілерін тарта алады.

Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі жөнінен жарыстар ұйымдастырылады.

Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізу қажет.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь