Қазақ тілі 11 класс на казахском
Поурочные планы по казахскому языку для 11 класса
Опубликовано в 2015 году. Что изменилось в 2026–2027
Список тем:
І. Әуежайда. Теміржол бекетінде.
ІІ. Қонақ үйде.
ІII. Қала мен дала. Туған жер – алтын бесігім.
ІV. Жастар киімі. Мектеп формасы. Сән.
|
V Театрға саяхат.
VI. Пошта.
VII. Қалта телефоны.
VIII. Компьютер: пайдасы мен зияны.
IX. Біздің еліміздегі оқу жүйесі.
|
Пример разработки урока:
Сабақтың тақырыбы: “Астанаға саяхат”
1-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді жаттап алыңдар.
Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самал желі соғып тұр. Әуежай жақтан
кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол саяси қуғын көрген адамдарға қойылған ескерткіш екен. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.
Біз «Турист» қонақүйіне орналастық. Қала Есіл өзенінің бойында орналасқан екен. Зәулім үйлер
көптеп салыныпты. Маған парламент үйі қатты ұнады.
Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының ғимараты да ерекше әсем. Біз «Достық» сарайында өнер көрсеттік. Көркейген Астана көз қуантады!
2-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қаланы естеріңе түсіріп және берілген сұрақтарды тыңдай
отыра, ауызша жауап беріңдер.
– Бұл қалада әуежай бар ма?
– Бұл қалаға қандай көлікпен саяхат жасауға болады?
– Қалада қонақүй бар ма? Ол қалай аталады?
– Қалада қандай мәдени орындар бар?
– Осы қалаға қандай мақсатпен саяхат жасадыңыз?
– Саяхат жасаған қалаңыз сізге ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?
3-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қаланың демалыс орны туралы қызықты жарнама мәтінін құрастырыңдар.
4-тапсырма. Сауаттылық әліппесі. Бас әріппен жазылатын сөздерді тауып, сөйлемдердің ара жігін ажыратып жазыңдар.
Мен жазғы демалыста ертісте болдым ертістің жағалауында жақсы демалдым және саяхатқа
шықтым ертіс еліміздегі ірі өзендердің бірі оның ұзындығы 4331 шақырым ертіс шығыстан
солтүстікке қарай ағады ол шығыс қазақстан және павлодар облыстарының жері арқылы батыс
сібір ойпатына қарай ағады ертіс зайсан көліне құйылады.
5-тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы зат есімдерді теріп жазыңдар.
6-тапсырма. Мәтіннен асты сызылған сөздердің құрамын ажыратыңдар.
7-тапсырма. Топпен жұмыс. Қазақстанның әр түрлі қалаларына бір күндік туристік саяхаттың
жоспарын құрыңдар.
8-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қала туралы диалог құрастырыңдар.
Источник: https://informatik.kz/pourochnye-plany-po-kazahskomu-yazyku-dlya-11-klassa/