Құлақ – есту мүшесі

0
842
метод печати

Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Құлақ – есту мүшесі

Сабақтың жалпы мақсаты

Есту мүшесінің қызметі жайлы түсінік беру . 1. Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтап, олардың жұмыс істеу
қызметін жазу.
2. Есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау.
3. Қоршаған дүниені есту арқылы танып білудің тізбегін жасау.

Әдіс-тәсілдер

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

суреттер, тірек сөздер, шаблондар, слайдтар, интерактивті тақта, т. б.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру

Би «Қаражорға»

Топқабөлу

Венн диаграммасы
Екі суретті салыстыру.
– Адам айналадағы құбылысты қайсы суреттен құлағы немесе көзі арқылы анықтайды?

Үй тапсырмасын сұрау

Қоршаған орта жайында оқушыларға жұмбақ жасыру .

Қызығушылықты ояту

Орнымызда отырып:

  • Екі қолымызбен сырғимақты уқалаймыз (10 рет);

  • Екі қолымызбен құлағымызды айналдыра уқалау (10 рет).

Оқушылар біз бұл жаттығуды біріншіден біздің тақырыбымызға, ал екіншіден адам денесіндегі барлық мүшелерге тиісті нүктелердің құлақта орналасуына, сол нүктелерге массаж жасай отырып сол мүшелердің қызметін арттыруымызға болатынына байланысты жаттығуды алып отырмыз. Мысалға құлақты тесудің де белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіні жайлы айта кетуге де болады. Яғни, сырғимақта орналасқан құлақ нүктесін белгілеп, анықтап алу қажет . Егерде басқа нүктеге түсетін болса, онда ағзада орналасқан басқа мүшелердің қызметіне әсерін тигіуі мүмкін .

Жаңа материалмен жұмыс.

  1. Есту мүшесінің маңызы.

  2. Есту мүшесінің құрылысы.

Бізді қоршаған орта түрлі дыбыстарға толы. Құстардың үні, жапырақтың, судың сылдыры, адамдардың дауысы, ән – бұлардың барлығы дыбыс болып саналады. Адам бұлардың барлығын естиді. Есту мүшесі адамға осы дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен айыруға көмектеседі. Есту қабілеті арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі, информация алады, оқиды. Есту еңбек етуде маңызы зор. Есту мүшесі бұл – құлақ. Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады:

Біріншісі – сыртқы құлақ. Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан, есту жолынан, дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ қалқаны үстіңгі жағы шеміршекті, ал астыңғы жағы майлы сырғимақ деп аталады. Құлақ қалқанының қызметі ауадағы дыбысты қабылдап, есту жолына өткізу. Құлақ қалқанының бұлшықеттері нашар дамығандықтан, адам дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрады. Есту жолы 30 мм, онда бездер болады. Осы бездердің әсерінен құлық түзіледі. Құлық сырттан келген шаң-тозаңдарды ұстап қалады. Есту жолының ең түбінде сопақша дабыл жарғағы орналасқан. Ол сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Екіншісі – ортаңғы құлақ. Ортаңғы құлақта сүйектер (үзеңгі, балғашық, төс) орналасады. Бұл адам денесіндегі ең ұсақ сүйектер болып саналады. Олар сыртқы және ішкі құлақты бір-бірімен жалғастырады.

Ой толғаныс

– Барлығымыз құлағымызды сұқ саусақтарыңызбен бекітіңіздер. Менің айтқан сөзімді мұқият тыңдаймыз. Тыңдап болған соң қорытынды жасаймыз.
1. Дауысымды қатты шығарып 1-2 сөйлем айту.
2. Жай дыбыстап 1-2 сөйлем айту.
– Не сезіндіңдер?
– Оқушы қорытындыларын тыңдау.
1. Мен дауысымды қатты етіп сөйлегенде, оқушылар дыбысымды еміс естіді.
2. Жай сөйлегенде оқушылар естімеді. Кейбір сақ оқушылар ғана еміс ести білді.

Үйге тапсырма беру.

Құлақты күту ережелерін жаттау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Арнайы схема тәрізді есту мүшесінің әрбір бөлімі жазылған қиынды қағаздар беріледі. Осы қиындыларды мұғалімнің сұрағына байланысты оқушылар тақтаға жапсырып дұрыс орналастыру қажет.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь