Бізді қоршаған орта

0
1278
информатика

Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Бізді қоршаған орта

Сабақтың жалпы мақсаты

Қыс мезгілі туралы түсініктерін ашу, қыс мезгілінің сұлулығын, әсемдігін сезіну, талғамын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Қыс туралы нақыл сөздер мен суреттер салынған плакаттар .

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру

Би «Қаражорға»

Топқабөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Ауа туралы жұмбақ айтады
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүсе-дағы
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)
– Ауа жөнінде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?
Балалар ауа туралы такпақ айтады.
Балаларға сұрақтар беремін.
-Ауа арқылы не болады?
-Грипп
-Ауаны не ластайды?
-Машина түтіні т.б

Қызығушылықты ояту

Ал енді сергіту жаттығуын жасайық
Топта қоңыз ұшады
Ж ж ж әнге салады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады
Алақанды жаямыз,
Алақанға қоңызды қондырамыз
Қоңызды уф-уф деп ұшырамыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

Әңгімелесу: Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өтеміз. Айналамызға қарайықшы біз қайдамыз, бізде не қоршаған? Біз табиғатқа саяхатқа шығайық. Қане, көзімізді жұмайық. Сыртқа шығайық бір, екі үш. Ал, енді көзімізді ашайық айналамызға көз тастайық. Айналамыздан не көріп тұрмыз? Балалардың жауабы:
Айналада қар, ағаштар, аспан бұлтты.
Балалар біз табиғатты, бізді қоршаған табиғатты тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз. Тірі табиғатқа адамдар жануарлар, жәндіктер жатады, ал өлі табиғатқа тау, тас, су, өсімдік жатады.
Біздің айналамыздағы табиғат ол бізді қоршаған орта..

Ой толғаныс

1. Табиғат адам үшін жаралыпты
Бар қызық табиғаттан таралыпты
2. Ақындар табиғатты анаға теңеген. өйткені онда тіршілік өніп өседі. Шынында да табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамдарға жан-жануарға береді.
Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім-
діктер туралы тақпақтар айтады.

Үйге тапсырма беру.

Дәптерге табиғат туралы қандай тақпақ, тыйым сөздерді жазып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады.Плакат стикер .