Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Саяхатқа шығу

0
105
анимация

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу,

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрау: салқын тағамдар, ұнайды, тәтті тағамдар, сүт өнімдері, сусындар, тамақтану

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1 . Диалогті өзара оқу

2. Жазылым – 2- тапсырмадағы мақал- мәтелдерді оқу, тьүсіну, көркем етіп дәптерге көшіру

Күш жақсы, күштен іс жақсы.

Өнерпаздың он қолы бар.

Ерінбеген етікші болады.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.

3. Еріндік дауысты дыбыстары ғана ездесетін сөздер жазу

IV. Жаңа сабақты бекіту Төмендегі сөйлемдерді пайдалана отырып, мәтін құрастыру.

Маған ( бізге) Қазақстан бойынша туристік маршруттардың сызбасы керек

Мен (біз) турбазаға орналасайын (орналасайық) деп едім (едік)

Біз қаланы (ауылды, мұражайды, көрікті жерлерді) аралап көргіміз келеді.

Менің (біздің) тауға саяхатқа барғым (барғымыз ) келеді

Біз саяхат жоспарын жасап қойдық.

Қажетті жабдықтарды алдым (алдық)

Тарихи жерлерді араладым (араладық)

V. Сабақты қорыту: Пысықтау сұрақтарына жауап беру:

Сенің демалысыңда саяхатқа шығасың ба?

– Саяхатқа қайда барасыңдар?

– Саяхатқа шығудың пайдасы неде?

VI. Үй тапсырмасын беру: «Саяхата шығу» тақырыбына шағын шығарма жазып келу

VII. Бағалау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь