Қазақстанның қалалары

0
939
информатика

Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның қалалары

Сабақтың мақсаты:

білімділік:«Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап, қорыту

дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Көрнекі құралдары: слайдтар, сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, сөйлесу, әңгімелеу, тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу

— Балалар, сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.

— Мына сұрақтар арқылы сөзжұмбақты шешеміз. Бірінші сұрақты кім оқиды?

— Кім жауап береді?

(Тақтада сөзжұмбақ ілулі тұрады. Оқушы тақтаға шығып бос торға керекті әріпті жазады)

— Дұрыс, жарайсыңдар! Рақмет!

— Сонымен, сөзжұмбақтың негізгі сөзі қандай сөз болып шықты?

— Қалалар

— Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. «Менің Отаным» модулі бойынша алған білімдерімізді пысықтап, қорыту үшін қазір біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. (Экранда слайд «Қазақстанның картасы»)

— Петропавл қаласынан шығып Көкшетау, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

III. Өткенді қайталау

Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.

Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге

қимылдаймыз. Алға!

(Экранда слайд «Пойыз», «Петропавл» вокзалы; «Көкшетау» вокзалы)

Балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба құрастырыңдар.

— Жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Астана» вокзалы)

— Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.

— Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? (Экранда слайд «Бәйтерек»)

— Жақсы, өлеңіңді жатқа оқып бере ғой.

— Кім Астанада болды?

— Астанада нелер бар?

— Нұрсан, сен Астананың қай жерінде болдың?

— Саған океанариум ұнады ма? Неліктен?

— Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Назарларыңды теледидарға аударыңдар. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, оқып, орысшаға аударыңдар. (Экранда слайд «Сөйлемдер»)

1. Қазақстан Республикасында … астана болды.

2. Бірінші астанасы … қаласы.

3. … астанасы — Қызылорда қаласы.

4. … астанасы — … қаласы.

— Дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз.Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.

— Пойызға отырыңдар, кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Қарағанды» вокзалы)

— Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді? (Экранда слайд «Көмір»)

— Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

— Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық. (Экранда слайд «Пойыз», «Алматы» вокзалы)

— Балалар, мынау Онтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.

— Экранға назарымызды аударамыз.

— Сендерге мынадай тапсырма қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер. (Экранда слайд «Алматы», «Медео», «Алма»)

— Рақмет, әңгімең жақсы екен..Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Петропавлға бет бұрайық,

— Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық, Өз туған лицейімізге келіп түстік. (Экранда «Петропавл» вокзалы, «Лицей»)

— Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?

IV. Сабақты қорытындылау

Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызды бес жол өлең стратегиясымен қорытайық.

(Экранда «Бес жол өлең стратегиясы»)

1. Сөзжұмбақтың негізгі сөзі? 1. Қалалар

2. Қазақстанның қалалары қандай? 2. Әдемі, үлкен

3. Ол қалаларға не істедік? 3. Бардық, көрдік, ұнады

4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.

5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт 5. Шаһар, кент

V. Бағалау

Сабағымыз аяқталып келе жатыр.

Бүгін сендер көп тапсырмалар орындап, модуль бойынша алған білімдерінді көрсете білдіңіздер. (Экранда «Үй тапсырмасы»)

VІ. Үй тапсырмасы

«Сүйікті қалам» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь