Сабақтың тақырыбы: §10. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

0
908

Сабақтың мақсаты:

Көшпелілер өмірі, шаруашылығы,малының түрлері, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы тақырыптарында түсіндіре отырып, шаруашылыққа бейім, еңбекқұмар, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба, суреттер,т.б.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Әнұран орындау, «Хабар»

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле

Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр

Жаңа сабақтың жоспары:

Көшпелі мал шаруашылығы

Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.

Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.

Малдың түрлері

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты еміс, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

Көшпеліліктің бөлінуі

Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл металдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.

Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың-109, түйе, 148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді

Сабақты бекіту:

Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §10. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты? /эссе жазып келу/