Қазақ тілі 2 класс на казахском

№70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты : 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.

2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап

жеткізуге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы .

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе .

-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс

шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.

Мысықтан қорқады,

Түнде жортады. ( тышқан )

Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған. ( мысық )

– Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.

3. Оқулықпен жұмыс. – Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.

Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?

4. Дәптермен жұмыс . – жұмбақты жатқа жазу.

Жаңа сабақты бекіту. – Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.

– Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.

– Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

Қорыту.

Суретпен жұмыс.

Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

Ещё уроки серии

Все 131 урок
  1. №68. Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі. Атасы мен неме
  2. №69. Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев
  3. №71.Сабақтың тақырыбы: Айтшы, әжетай. Жақан Смақов
  4. № 72. Тақырыбы: Апаның тілін алса егер.
  5. №73. Сабақтың тақырыбы: Ата әжеме хат
  6. № 74. Тақырыбы: Ұшқан ұя.
  7. №75. Сабақтың тақырыбы: Ата-ананы құрметтеу туралы
  8. №76. Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Ата-ананы құрметтеу»
  9. № 77. Тақырыбы: Жылу.
  10. №78. Тақырыбы: Әже

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса