Қазақ тілі 2 класс на казахском

№51. Тақырыбы: Диктант Кекілік.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Диктанттар жинағы

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Диктант. Кекілік

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? 2) Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

3)Ерекше сөздерді 3 рет қайталап оқиды.

Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қатар-қатар қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта үйір-үйір болып жүреді. (37 сөз.)

Қандай мәтін түріне жатады.

«к,г» әріптерінің астын сыз.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 158 уроков
  1. № 49.Тақырыбы: Сипаттау мәтіні / 207- 212 жаттығулар/
  2. № 50.Тақырыбы: Мәтін туралы білімін пысықтау./ 213-218 жаттығулар/
  3. № 52. Тақырыбы: Қатемен жұмыс
  4. № 53. Тақырыбы: Сөйлем (219-223 жаттығу.)
  5. № 54. Тақырыбы: Хабарлы сөйлем (224-229 жаттығулар)
  6. №55. Тақырыбы: Сұраулы сөйлем (230- 234 жаттығулар)
  7. № 56. Тақырыбы: Сұраулы сөйлем (235 – 239 жаттығу)
  8. № 57. Тақырыбы: Лепті сөйлем (240-244 жаттығулар.)
  9. № 58. Тақырыбы: Лепті сөйлем. (245-249 жаттығулар.)
  10. №59.Тақырыбы: Сөйлем туралы түсінікті пысықтау.(250-254 жаттығулар.)

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса