Қазақ тілі 2 класс на казахском

№ 13 Тақырыбы: Мазмұндама. Аралардың достығы

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі : сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.

Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.«Аралардың достығы» оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.

Аралардың достығы.

Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Содан балдай тәтті өмір сүріпті.

Сұрақтар:1.Орманда қанша ара тұрыпты?2.Бәрі қандай болыпты?3.Үнемі не теріпті?

4.Өздері қалай тұрыпты?5.Содан қалай өмір сүріпті?Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 131 урок
  1. № 11 .Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз».Ұнатамын күзді мен
  2. № 12. Тақырыбы: Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов
  3. № 14. Тақырыбы: Бөлімді қайталау.
  4. №15. Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба.
  5. №16. Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне.
  6. №19. Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан
  7. № 20. Тақырыбы: Байлық пен ақыл
  8. №21. Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі
  9. № 22. Сабақтың тақырыбы: Ұр тоқпақ
  10. №23. Сабақтың тақырыбы:Сақина

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса