http://www.informatik.kz

Диплом жумысы

Тема: "Таяу Шығыстағы қақтығыс проблемасы және оны шешу жолдары (Араб-Израиль соғысы мысалында)".

Объем: 76 страниц.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ................................................................................................................3

1 Тарау Қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстар: оларды
зерттеу және реттеу...........................................................................................6

1.1. ХХ ғасырдағы халықаралық қақтығыстардың ерекшеліктері............6

1.2. ХХІ ғасырдың басындағы ассиметриялық қақтығыстар....................13

2 Тарау. Тарих контекстіндегі Палестина – Израиль қақтығысы................20

2.1.Палестина-Израиль қақтығысының тарихи алғышарттары...................20

2.2 Араб-израиль қатынастарын қалпына келтіру........................................25

3 Тарау. Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеудің болашағы......................42

3.1. Араб-израиль шиеленісін реттеу әрекеті................................................42

3.2.Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеудің болашағы...............................60
Қорытынды.......................................................................................................71

Қолданылған әдебиеттер................................................................................73

Кіріспе

XX ғасыр бойына араб әлемінде аймақтың ерекшеліктеріне сәйкес келетін қоғамдық даму концепцияларын іздестіру және әзірлеу өз жалғасын тапты. Ол концепциялар басым халықтың ақыл-ойын жаулап алып, Таяу және Орталық Шығыстың тарих барысына өте тиімді ықпал етуі тиіс еді. Осы үдеріс аясында екі идеялық ағым пайда болды: діни ағым, оның негізінде панисламизм доктринасы қалыптасты, және ұлттық ағым, арабтарды біртұтас ұлт ретінде түсіну, яғни панарабизм доктринасының туындауы. Осы екі ағымның билік органдарында, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың әр түрлі елдерінде халықтың кең массасының арасында өз жақтаушылары болды. Осы доктриналардың көптеген ережелері ХХ ғасырдың бірінші жартысында құрылған саяси партиялардың бағдарламалары, сондай-ақ көптеген араб елдері үкіметтерінің және аймақтық ұйымдардың іс жүзіндегі іс әрекеттері немесе саяси декларациялары негізіне алынды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Осман империясы құлаған уақыттан бастап Араб әлемінің бірігу мәселесі араб халқының ұлт-азаттық күресін соғыстан кейін көтеру жағдайында өте өткір мәнге ие болды. Оған деген қызығушылықта әр түрлі араб саяси күштері анықталады.
1941 ж. мамырда араб біртұтастығы идеясын қолдау мақсатында ағылшын үкіметі араласты, ол Таяу Шығыстағы өз позициясын нығайтуға ұмтылды. Британияның билік органдары осындай саяси қадам арқылы Палестина проблемасын, яғни Палестинаның араб халқының тәуелсіз мемлекетті құру құқығын қамтамасыз етумен байланысқан таяу шығыстық реттеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге араб әлемінің басым халқы батыстың саяси және экономикалық қысымына қарсы тұру мақсатында біртұтастыққа ұмтыла бастады.
Палестина проблемасы бұл төрт миллионнан астам палестина халқының ұлттық құқықтары жөніндегі, ең алдымен өзін-өзі айқындау және өз мемлекетін құру жөніндегі мәселе болып табылады.
XXI ғасырдың басында Таяу Шығыстағы күрт шиеленісіп кеткен жағдай палестиналықтардың өз мемлекетін құру сияқты өз армандарына жету жолындағы қиындықтарды көп дәрежеде айқындады.
Палестина-израиль қатынастары проблемасы туындаған сәттен бастап Таяу Шығыс аймағынан әлдеқайда тыс жерлерге шығып кетті. Ол әлемдік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Оның дамуы барысында, яғни 50 жылдан астам мерзім ішінде екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы кезінен бастап әлемдік дамудың негізгі тенденциялары көрініс тапты.
Жаһандану бүкіл әлемді, барлық елдерді қамтиды, дегенмен олар осы үдерісте бірдей рөлді атқарады. Халықаралық ұйымдарға қатыса отырып, олар бірлескен шешімдерді қабылдайды, өз пікірін айта алады. Әрине өте күшті, өте дамыған елдердің қысымына жол беруге мәжбүр болады, дегенмен олардың өзі халықарылық ұйымдардың өзінен әлсіз қатысушыларының ықпалына түседі.
Араб әлеміндегі дамып келе жатқан тенденцияларды ескере отырып, Таяу Шығыстағы қақтығыстарды палестиналық реттеу тұрғысынан ғылыми зерттеу өте маңызды әрі өзекті болып табылады. Сондықтан да осы зерттеу тақырыбы да өзекті болып табылады.
Таяу Шығыс аймағындағы қақтығыстықтың себептерін және басқа жағдайларды теориялық түсіну мәселесі ежелден келе жатыр. Ежелгі жазбалар мен аңыздар осы жерде өмір сүрген тайпалар мен...
...
 

Купить за СМС "Таяу Шығыстағы қақтығыс проблемасы және оны шешу жолдары (Араб-Израиль соғысы мысалында)"    Цена: 450 тенге = 3 у.е.


Назад


Rambler's Top100       Каталог Интернет ресурсов. Казахстанский интернет.   Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта