http://www.informatik.kz

Дипломная работа

Тема: "Көшпенділер".

Объем: 64 страницы.

КІРІСПЕ

Әдебиет туындыларының ішіндегі ең күрделісі де қиыны – тарихи шығарма. Олай дейтініміз, тарих тақырыбында қалам тербеуші жазушыға әдеби талаптарды орындаумен қатар тарих жүгін де көтеруге тура келеді. Өйткені халықтың кешегі өмірін еш бұрмасыз, ақиқат, шындыққа сай баяндау, сонымен қатар оған әдеби көркемдік рең беру – тарихи роман жазушы үшін үлкен парыз. Осындай қасиетті парыз, әсіресе, өткен ғасырдың орта шеңінде біздің де қаламгерлеріміздің алдында тұрды. Осыған орай аталған тақырыпқа арналған көптеген құнды шығармалар жарық көрген еді. Атап айтсақ, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын ордасы», М. Мағауиннің «Аласапыраны», Ә. Кекілбаевтің «Үркері», Ә. Әлімжановтің «Жаушы», Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» романдары.
Әсіресе, бұл шығармалардың ішінде ақиқат, шындық темір шынжырдың әр жағында тұтқындалып, халықтың «ақтаңдақтарын» зерттеуге тыйым салынған жылдары алғашқы болып тарихымыздың сан ғасырлар қойнауында жатқан шынайы беттерін ашып берген «Көшпенділер» трилогиясының орны ерекше. Белгілі ғалым Қ. Алпысбаевтің сөзімен айтсақ, «бұл шығарма тіпті тарихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе шашыранды түрде жатқан мағлұматтардың бір жүйеге түскен желісін танытады».
Алмас қылыштай өткір бұл трилогия цензура өкілдері тарапынан талай талқылауға түсті, талай қудалауға ұшырады. Осыған қарамастан уақыт өте келе өзінің адал бағасын алды.
«Көшпенділерге» арналған, оның тілін, идеялық мазмұнын талдаған бірнеше еңбектер жарық көрді. Бұл орайда Р. Бердібаевтің, Ж. Дәдебаевтің, Қ. Алпысбаевтің, Қ. Аралбаевтің, Р. Нұрғалиевтің т.б. еңбектерін, жекелеген мақалаларын атап кеткен жөн.
Ал ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты – төрт ғасырдың оқиғасын қамтитын «Көшпенділер» трилогиясының жазылуына негіз болған тарихи деректерді талдап, шығарманың стильдік ерекшеліктерін аңғарту.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім трилогиядағы оқиғалар желісіне негіз болған тарихи деректерге арналған. Бұл тарихи деректерді екі арнаға топтаймыз. Бірінші, өмірде нақты болған тарихи фактілер. Екінші, халық аузында сақталған аңыздар, шежірелер. Сондай-ақ бұл оқиғалардың шығармаға өзек болған негізгі идеяны берудегі ролін көрсету де мақсат етілген.
Екінші бөлімде «Көшпенділердің» стильдік ерекшеліктері сөз болады.
Ол ерекшеліктер екі арнада қарастырылады. Бірінші – шығармада тарихи оқиғаларды баяндаудағы ерекшелік. Екінші – трилогияға тән нақышты тілдік қолданыстардан байқалатын ерекшеліктер.
Жұмыстың өзектілігі – І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының шешімін тауып болмаған мағлұматтарды бір жүйеге келтірген тарихи құндылығымен қатар белгілі бір ой-қазығын ұстанған, сол ой-қазықты беруде түрлі тәсілдерді қолданған әдеби ерекшелігін, қасиетін, яғни «Көшпенділердің» тек құрғақ деректерге құрылған хроника емес, ең бастысы, әдеби талаптарға жауап беретін көркем туынды, оның ішінде тарихи проза жанрына жататын роман екенін тағы да дәлелдей түсу.
 

І. «Көшпенділер» трилогиясының генезисі

1.1. Тарихи шындық және көркемдік шешім

Ғасырлардан ғасырларға сүңгіп,
өз ұлтының тарихын Ілекеңдей ежелеп
жазған ешкім жоқ. Біз атақты Геродотты
тарихтың атасы деп келеміз. Ал біздің Ілекең
қазақ халқының 700 жылдық тарихын
«Көшпенділер» мен «Алтын орда» атты
2 трилогияға сыйғызған (2-ң көлемі 139 баспа
табақ) өз халқына өшпес ұлттық қазына қалдырды.

Әзілхан Нұршайықов.

Қазақ халқы бастан кешкен 20-шы ғасырдың алмағайып, аласапыран белдеулерінде қоғамдық пікірдегі ой таласы көтерген басты мәселелердің бірі – тарих...
...
 

Купить за СМС "Көшпенділер"    Цена: 450 тенге = 3 у.е.


Назад


Rambler's Top100       Каталог Интернет ресурсов. Казахстанский интернет.   Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта